29.03.2024
21:50
1091
Су тасқынына байланысты Қостанай облысында өткізу бекетінің жұмысы тоқтады

Су тасқынына байланысты Қостанай облысында өткізу бекетінің жұмысы тоқтады

Қостанай облысында су тасқынына байланысты «Желқуар» өткізу пункті жұмысының тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты 29 наурыздан бастап «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды. Көлік құралдарының жүргізушілеріне және осы аймақта шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өздерінің қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады, - деп мәлімдеді ҰҚК шекара қызметі.