Ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыстағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
15 сәуір сағат 18:00 жағдай бойынша 3 облыстағы (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6200 метр болатын су тасқыны орын алды. Соның салдарынан 5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
"ҚазАвтоЖол" хабарлауынша, қазіргі таңда республикалық жолдарда 664 техника мен 1604 адам жұмылдырылған.