Су тасқыны: Республика бойынша 52 мыңға жуық адам үйіне оралды

9 Мамыр, 22:45 854

Су тасқынына байланысты эвакуацияланған 51 506 адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы мәліметке сүйенсек, еліміз бойынша 10 043 жеке тұрғын үй мен 3 242 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 17,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: