Қостанай қаласында мыңнан астам ерікті су тасқынына қарсы шараларға көмекке келді. Облыс орталығының әкімі Марат Жүндібаев көпірді нығату жұмыстарына жұмыс күші қажеттігін айтып, тұрғындардан көмек сұраған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Арада бір сағат уақыт өткенде қостанайлықтар үлкен көпірге жиналды. Ерікті тұрғындар құтқарушыларға, полицейлерге, мемлекеттік қызметшілерге, коммуналдық сала қызметкерлеріне көмекке келді. Қолдарына күрек ұстаған мыңдаған тұрғын көпірді нығайту бойынша жұмыстарға білек сыбана кірісіп кетті.
"Шағала" жағалауында қазір Полиция департаментінің, ТЖД, облыстық және қалалық мемлекеттік мекемелер мен басқармалардың, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері, ҚХА өкілдері, еріктілер жұмылдырылды. Барлық күштер үлкен көпір арқылы мүмкін болатын толып кетуден болатын шығындарды азайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта ерікті көмекшілер мұнда дренажға арналған құбырларды орнатуда, құм төсеп, су тасқынына қарсы басқа шараларға көмектесуде,-делінген әкімдік мәліметінде.