Су тасқыны: Қостанайда 14 тұрғын үйдің құрылысы шілде айының соңына дейін аяқталады

3 Шілде, 06:13 531

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы хабарлауды жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысы орталығындағы «Қонай» ықшамауданында 14 тұрғын үйдің құрылысы белсенді жүргізілуде. Жұмысты шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Су тасқынынан зардап шеккен 96 отбасы үшін екінші нарықтан тұрғын үй сатып алынып, табыс етілді. Қостанай қаласы зардап шеккен 106 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Қостанай облысында 1 283 нысанға техникалық зерттеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

– 153 тұрғын үйді салу – 153 үйдің құрылысы жүргізілуде;

-  315 тұрғын үйді сатып алу – 315 үй сатып алынды;

-  815 тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу – 815 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жұмыстар инфрақұрылымды тез қалпына келтіру және тұрғындарды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жалғасуда.

Зарина Арман
Бөлісу: