Су тасқыны салдарынан өлген 165 бас мал үшін 25 миллион теңге өтемақы төленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе өңірінде жалпы 3232 бас мал өлді деген дерек тіркелді. Оның 3120-сы арнайы құрылғы - инсенератормен жойылған.
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай кешегі күннен бастап мал иелеріне өтемақы төлеу басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, шығынның дені – Ойыл ауданында.
Ойыл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асхат Шахаров мал өлекселерінің утилизациялау барысымен танысты.
Қазірге дейін мал шығыны тіркелген 6 ауданның бесеуінде өлекселерді өртеу жұмыстары толықтай аяқталды. Бұл шараларға республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың 19 қызметкері мен облыстағы мамандар тартылған.