Су тасқыны кезінде көшірілген 60 мыңнан астам тұрғын үйлеріне оралды

19 Мамыр, 10:41 670

Елімізде көктемгі су тасқыны кезінде болған жағдайдан кейін алпыс мыңнан астам адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Су тасқыны жағдайына қатысты бігінде Республика бойынша 61 348 адам өз үйлеріне оралды. 5 456 адам эвакуациялау пункттерінде тұрып жатыр.

11 319 тұрғын үй мен 3 593 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 22 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,9 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: