Су тасқыны кезеңі басталғалы 111 мыңнан астам адам құтқарылды

15 Сәуір, 10:28 472

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бүгінде 11 950 адам үйлеріне оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Уақытша орналастыру пункттерінде 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала бар. 9,5 млн текше метрден астам еріген су тартылды, 2,2 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 33 334 адам және 4 066 бірлік техника, оның ішінде 835 су айдау құралы, 275 жүзу құралы, 11 әуе кемесі жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалып отыр. 3,5 мыңға жуық тұрғын үйден және 2 157 аула аумағынан су бұрылды.

Сондай-ақ спикер Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Ұлытау облыстары секілді еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет ететінін еске салды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: