Елімізде су тасқынына байланысты құрылған республикалық ақпараттық штабта күні бүгіне дейін 200-ден астам онлайн-брифинг өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 наурыздан бастап Орталық коммуникациялар қызметі базасында республикалық ақпараттық штаб құрылған болатын. 6 сәуірде жедел ақпарат тарату шеңберінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, волонтерлік ұйымдардың, қоғамдық штабтардың және т.б. қатысуымен күн сайын брифингтер өткізіле бастады.
Ақпараттық штаб аясында 218 онлайн-брифинг өткізілді. Республикалық штаб ОКҚ ресми аккаунттары мен Qoldau.gov.kz онлайн-ресурстары арқылы ағымдағы ахуал, қалпына келтіру жұмыстарының барысы, халыққа қолдау көрсету және өзге де мәселелер туралы ақпарат тарату бойынша өз жұмысын жалғастырады, - деп мәлімдеді штаб өкілдері.