Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонында су тасқыны басталғалы қанша адам құтқарылғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзіне қарағанда, оның 45 мыңға жуығы – бала. Ал эвакуациялық пункттерде 6500 жуық адам бар. Соның 3000-ы бала.
Сонымен қатар ведомство басшысы су тасқыны қаупі қаншалықты сейілгені туралы сауалға жауап берді.
Су деңгейінің шыңы Батыс Қазақстан өңірінен Атырау өңіріне өтіп жатыр. Бірақ Жайық бойындағы 84 елді мекен аман қалды деп айтсақ болады. Оның себебі дер кезінде істелінген дайындық жұмыстары, бөгет салу. Өздеріңіз көрдіңіздер, қанша шақырым бөгет салынды. Бүкіл ел болып, бүкіл өңірлерден арнайы техника, күш-құралдар келіп жатыр. Су деңгейі өскеніне қарамастан, осы 84 елді мекенде ешқандай қауіп болған жоқ, - деп жауап берді министр.
Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны алғаш рет 10 республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.