Су тасқыны аймақтарына министрлік 1000-нан астам маман мен 280 техника жұмылдырды

31 Наурыз, 15:47 591

Республиканың су тасқыны аймақтарында су ресурстары және ирригация министрлігінің 1000-нан астам маманы мен 280-нен астам техникасы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су шаруашылығы нысандарында жедел іс-шаралар қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су көлеміне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған қор, соның ішінде тас, құм, қиыршық тас, қапшықтар және басқа да қажетті инертті материалдар дайындалды.

Министрлік жанынан құрылған жедел штаб жергілікті әкімдіктермен өзара тығыз іс-қимыл жасап жатыр. Республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суын апатсыз өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары мен су қоймаларының жұмыс кестесі бекітілді. Жауапты мекеме қызметкерлері су шаруашылығы ахуалына тәулік бойы бақылау жүргізеді, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: