Су тасқыны: 9 облыста коммуналдық төлем мерзімі кейінге қалдырылады

3 Мамыр, 10:00 645

Еліміздің бірқатар аймақтарында су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жалғасуда. Зардап шеккен қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Үкіметі тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

​Кейінге қалдыру наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді қамтиды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек жүзеге асыра алады.

Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын болады.

Бұл тізімдер коммуналдық кәсіпорындарға жіберіледі, олар өз кезегінде коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда тұтынушылар ҚР ҰЭМ ТМРК-нің тиісті аумақтық департаментіне төмендегі нөмірлер бойынша хабарласулары қажет:

– ҚР ҰЭМ ТМРК Ақмола облысы бойынша департаменті: 8 (7162) 50-43-27;

– ҚР ҰЭМ ТМРК  Ақтөбе облысы бойынша департаменті: 8 (7132) 55-73-60;

– ҚР ҰЭМ ТМРК  Атырау облысы бойынша департаменті: 8 (7122)21-10-42;

– ҚР ҰЭМ ТМРК  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7112) 25-13-25;

– ҚР ҰЭМ ТМРК  Қарағанды облысы бойынша департаменті: 8 (7212) 41-52-96;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Қостанай облысы бойынша департаменті: 8 (7142) 53-52-40;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Павлодар облысы бойынша департаменті: 8 (7182) 32-12-04;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті: 8 (7152) 53-42-56;

– ҚР ҰЭМ ТМРК Ұлытау облысы бойынша департаменті: 8 (7102)76-03-91.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: