Су тасқыны: 9 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

12 Сәуір, 16:07 670

Су тасқыны басталғалы бері 99 920 адам, оның ішінде 36 593 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Уақытша орналастыру пунктеріне 6 566 адам, оның ішінде 3 194 бала орналасты», - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

9 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,6 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 38 595 адам, 3 879 техника, 17 әуе кемесі жұмылдырылды.

Қардың тез еруі және Жабай, Боқсық, Жолболды, Қалқұтан, Есіл, Торғай өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысының Атбасар, Бұланды, Астрахан, Жақсы аудандарының 12 елді мекенінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының 6 елді мекенінде, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 673 адам алдын ала эвакуацияланды, - деді спикер.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: