Су тасқыны: 54 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды

11 Мамыр, 11:14 479

ТЖМ су тасқыны бойынша сағат 10:00-дегі жағдайды мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республика бойынша 54 389 адам өз үйлеріне оралды.

5 281 адам, оның ішінде 2242 бала эвакуациялау пункттерінде.

5281 тұрғын үй мен 2242 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,2  млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Жедел желі телефонына 2 261 қоңырау түсті.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: