Су тасқыны: 15 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды

1 Сәуір, 17:26 594

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстарында 10 мыңнан астам адам, 3743 бірлік техника және ТЖМ, Қорғаныс министрлігінен және Ұлттық Ұланнан 14 әуе кемелері жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық жедел штаб Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жағдайды бақылауды жалғастыруда.

​Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтері 14 251 адамды, оның ішінде 5 538 балаларды қауіпсіз жерге жеткізілді. Уақытша қоныстану тіректеріне 5 848 адам, оның ішінде 2222 бала  құтқарылды және эвакуацияланды.

Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 1655 адам, оның ішінде 425 бала құтқарылды.

​ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 4,6 млн астам текше метрд еріген су сорылды, 370 мыңнан астам қапшық және 728 мың тонна инертті материал төселді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: