Су ресурстары министрлігі құрылады: Зүлфия Сүлейменова не дейді?

1 Қыркүйек 2023, 16:08 1373

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын мәлімдеген болатын. Мәжіліс кулуарында экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова министрліктің бөлінуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кулуарда журналистер Сүлейменоваға «Сіздің қызметіңіздің бір бөлігін алды. Министрлік екіге бөлінеді. Оған көзқарасыңыз қандай?» деп сұрақ қойды.

Бұл Мемлекет басшысының осы мәселеге деген көзқарасы. Біз қабылдадық, - деп жауап берді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз су көзін үнемді пайдалану үшін су мекемесі керек екенін атап өткен еді.

Су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс. Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді. Талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылады. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады, - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында.

Миражан Махан
Бөлісу: