07.05.2025
14:15
728
Су ресурстары министрі теңіз күштерінде қызмет еткен кезін еске алды

Су ресурстары министрі теңіз күштерінде қызмет еткен кезін еске алды

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов әскери-теңіз күштерінде қызмет еткен кездегі суреттерін бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Қазақстан Отан қорғаушы күнін атап өтіп жатыр. Бұл - ерлік, батырлық пен отансүйгіштік мерекесі. Ол біздің басты құндылықтарымыздың бірі — Отанға деген махаббатты бейнелейді. Өз өмірін Отанымызды қорғауға арнаған әрбір азаматқа шын жүректен күш-қуат, қажымас жігер, зор денсаулық, табыс пен бақыт тілеймін. Кезінде мен де Отан алдындағы борышымды өтедім. Сол кездің өзінде қызметім сумен тығыз байланысты болды. Үш жыл ішінде әскери-теңіз флотында қызмет атқарып, сүңгуір қайықтағы матростан Бас старшина дәрежесіне дейін көтерілдім. Солтүстік Мұзды, Атлант мұхиттарында және Жерорта теңізінде он шақты жауынгерлік кезекшілік мені шыңдап, көп нәрсені үйретті.

Сол себепті еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген азаматтарға ерекше алғыс білдіргім келеді.

Ел мен халық игілігі үшін атқарып жүрген қиын да жауапты қызметтеріңізге мың алғыс! Жерімізде тыныштық пен құт-береке орнап, шаңырақтарыңызда әрқашан балалардың шат-шадыман күлкісі естілсін! Мереке құтты болсын!, - деп жазды министр Нұржан Нұржігітов.