“Су іздеген” сұлу ене мен қайынатадан ерекше тарту

19 Сәуір, 18:08 2097

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатқан осы видеоның авторы  Сәбина Хорошева – өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан. Туған күнінде ата-енесінің осы бір тосын сыйы ерекше қуаныш сыйлаған соң бейнетаспа жазып, әлеуметтік желіге салуды жөн санапты. Николай атасы мен Марина енесінің бұл қадамын қоштап, ризашылық танытқандар жетерлік. 53  қаралым жинап, 4 мың 300 адамға ұнаған видео астына 500-ден астам пікір жазылған. Біреулері ата-енесінің әртістік қабілетіне таңданып жатса, өзгелері көңілі босап, жылап алғанын жасырмады. Сондай-ақ әнді қазақша орындау шеберлігіне “Тамаша” деген баға берушілер де аз емес

EL.KZ
Бөлісу: