06.10.2025
01:27
381
Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Үндістанның Ахмедабад қаласында ерлер және әйелдер командалары арасында су добынан Азия чемпионатының екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ерлер турниріне 9 команда тіркелді:

А тобы: Қытай, Гонконг, Иран, Өзбекстан

В тобы: Қазақстан, Үндістан, Жапония, Таиланд, Сингапур

Біздің су добышылар алғашқы матчта турнирдің басты фавориті саналатын Жапония құрамасымен кездесіп, 14:12 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан ерлер құрамасының құрамы:

Телмирлан Балфанбаев (қақпашы), Эдуард Цой, Юлиан Вердеш, Әділ Балтабекұлы, Максим Ламаев, Алексей Шмидер, Мұрат Шәкенов, Игорь Недоконцев, Руслан Ахметов, Алдияр Әкімбай, Сұлтан Шонжігітов (капитан), Даниил Матолинец (қақпашы), Мстислав Бобровский.
Бас бапкер – Дамир Темірханов.

Біздің команда келесі ойынын ертең, астана уақытымен сағат 13:30-да, турнир иелері Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.