10.10.2025
02:22
2563
Су добы: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Су добы: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ширек финалда отандастарымыз Сингапур командасымен кездесті.

Кездесу 10:7 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Жартылай финалда Қазақстан Қытай құрамасымен кездеседі.