Су басу қаупі бар республикалық жолдар тәулік бойы бақыланады

3 Ақпан 2023, 00:08 2129

Жол учаскелерінде тәулік бойы кезекшілік пен патрульдеу ұйымдастырылады

Еліміздің республикалық жолдарындағы су басу қаупі бар учаскелерді тәулік бойы кезекшілік пен патрульдеу ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

 
Қабылданған іс-шаралар кешені республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіз қозғалысты, сондай-ақ жасанды құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жергілікті гидрометеорологиялық жағдайларды ескере отырып, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені әзірленді. Мердігер ұйымдар мен жол қызметтеріне су басу қаупін алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді, - делінген хабарламада.

Өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелеріне сәйкес су басу қаупі жоғары республикалық автожолдардың учаскелері анықталды.

Арнайы алдын алу шараларына:

• су өткізу құбырлары мен көпір асты аймақтарының арналарын қар мен мұздан тазарту;

• су тасқыны қаупі бар учаскелерді күнделікті тексеру;

• инертті материалдарды дайындау жатады.

Айта кетерлігі, 350-ден астам қауіпті учаске ерекше бақылауда.

Республикалық маңызы бар автожолдар ашық, су басып, шайылып кеткен учаскелер жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: