Су басқан Нұра ауылының тұрғыны егіз босанды

31 Наурыз, 20:35 794

Ақтөбе облысының Ырғыз  ауданындағы су басқан Нұра ауылында әйел жүктіліктің 36 аптасында мерзімінен бұрын босанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ауыл аудан орталығынан 90 км қашықтықта орналасқан. Тасқынның салдарынан жол жабық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының  жіберген акушер - гинеколог, анестезиолог-реаниматологтан құралған бригада межелі жерге дейін бара алмады. 

Ауыл дәрігерлері ананы өз беттерінше босандыруына тура келді.  Жүкті әйел дәрігерлік амбулаторияға жеткізілді. Жалпы тәжірибелік дәрігер мен медбикенің қатысуымен әйел сәтті босанды. Салмағы 2800 грамм және 3050 грамм болатын екі қыз дүниеге келді.

Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген. ҚМ-нің тікұшағы ана мен баланы аудан орталығындағы ауруханаға жеткізді.

Перизат Саденова
Бөлісу: