Студенттерге жеңілдетілген несие беріледі

1 Қараша 2022, 18:08 3027

Бұл туралы Үкімет кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді

2023 жылдан бастап студенттер оқу ақысын төлеу үшін банктерден 2-3 пайызбен кредит рәсімдей алады. Үкімет кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды El.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз баяндамасында бүгінгі күні жоғары білім саласында ұстанып отырған саясат тікелей мемлекеттік мүддемен ұштасатынын, сондай-ақ ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғанын атап өтті. 

«Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) талапкердің оқу жетістіктері мен әлеуметтік жағдайын ескеретін  көрсеткіштер  бойынша жетілдіріледі. Аталған  тәсіл  грант бағасы жүйесіне (30%дан 100%-ға дейін)  дифференциация енгізуде де қолданылатын болады. Білім алушыларға 2-3%-дық  жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері де жоспарланып отыр», — деді С. Нұрбек.

EL.KZ
Бөлісу: