Студенттер жатақханасының мәселесін үш түрлі бағыта шешу жолға қойылды

12 Тамыз 2023, 18:24 1376

Студенттерге арналған жатақхана тапшылығын шешу үшін ғылым және жоғары білім министрлігі үш түрлі бағытта жұмыс атқарып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның ішінде құрылыс бағытын қарқынды түрде күшейтіп, өткен жылдан бері ері белсенді жұмыс жүріп келеді. Арнайы субсидиялық нормативтер өзгертілді. Сол нормативтер өзгергелі 150 компания келісімшартқа отырған. 

Сонымен қатар, реконструкция немесе жеке меншік хостелдермен арнайы келісімшартқа отырып, Алматы қаласындағы 60-қа жуық хостелмен келісімшартқа қол қойылған. Бұл ретте студенттер үшін 10 мың төсек-орынға кепілдік беріліп отыр

Бұдан бөлек, ахуалдық орталықтар құрылып, студент кез-келген уақытта келіп, далада қалып қалғанын жеткізсе, сол біртұтас ахуалдық орталық нөміріне хабарласу арқылы ең жақын университетке жіберіледі. 

Асқар Таудай
Бөлісу: