Студенттер арасында "Ел рәмізі – елдігім" атауымен дебат өтті

29 Мамыр, 23:06 941
4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде студенттер арасында дебат өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Іс-шарада агротехникалық және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің белсенділері пікір талас жүргізді. Басты тақырып қазіргі таңда өзекті болып отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін коммерциялық мақсатта пайдалану оның мағынасы мен символдық құндылығы жайында өрбіді. 

Сурет: Геральдикалық зерттеулер орталығы

Жақтаушы тарап Мемлекеттік Ту немесе Мемлекеттік Елтаңбаны коммерциялық мақсатта пайдалану қазақстандық брендтердің танымалдылығын арттыруға және назар аударуға көмектеседі десе, қарсы тарап рәміздерді тек мемлекеттік мақсаттарда қолданылуы керек және оны коммерциялық брендингте пайдалану ұлттық құндылықтарымызды қорлау ретінде қабылдануы мүмкін деп пікірлерін білдірді.

Сурет: Геральдикалық зерттеулер орталығы

Шара соңында дебат ойынының жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген ұстаздарға вице-министр Ербол Әлиқұловтің, ал студенттерге комитет төрағасы Рустам Әлидің атынан арнайы алғыс хаттармен және естелік үшін мемлекеттік рәміздер бейнесіндегі төсбелгілермен марапатталды.
Перизат Саденова
Бөлісу: