16.09.2023
10:22
947
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы тағайындалды

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы тағайындалды

Президент Жарлығы бойынша Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - деп жазылған Ақорда таратқан ақпаратта.