Степногорскте көлік пен гараж жанып кетті

8 Желтоқсан, 09:00 740

Ақмола облысында жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан гараж бен жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға Степногорск қаласының Ақсу кентінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен төтеншеліктер қызыл жалынды өндірді. Осылайша өрттің шаруашылық құрылысқа таралуына жол берілмеді. Өрт аумағы - 24 шаршы метр.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда. 

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: