Степногорскте апат болып, үйлер жылусыз қалды

8 Желтоқсан 2023, 09:00 960

Степногорск қаласында жылу трассасында апат болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 7 желтоқсан күні 21:45-те болған.

Апат болған жерге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов барды. Жедел штаб құрылды.

Ахметжанов таңда оқиға орнындағы ақау жойылғанын мәлімдеді.

Ол жерде 15 адам және 6 техника бірлігі жұмыс істеп жатыр.

Дәнекерлеу жұмыстары сағат 8:10-да аяқталып, суды жүйеге қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: