29.07.2022
04:12
2602
Үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, турнир 29 шілдеде басталады.

Жарыс ADD Алматы үстел теннисі орталығында өтеді. Командалық, жеке, жұптық, аралас разрядтарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент теннисшілері, сондай-ақ республика облыстарының спортшылары өнер көрсетеді.