«Стажировкаға» ең көп төлейтін 25 кеңсе

3 Наурыз 2014, 12:21

Сырт келбеті мен ақпараттық нарықтағы өздерінің абыройына өте кірпияз қарайтын батыс кеңселері өздеріне мықты мамандар тартудың төте жолдарының бірі екенін мықтап ұғынған.

Көктем келісімен көптеген кеңселерде кадрлық ауыс-түйістер басталады... Қызметкерлер өздеріне жаңа кеңсе іздесе, кеңселер жаңа да мықты кадрларды тартқысы келетін кез. Мықты қызметкер іздеген мықты компаниялардың кадр бөліміндегі жұмыстар қызатын шақ. Сынақтан сынақ, іскерлік сұхбаттар жиілейтін мезгіл.

Сынақ демекші, Қазақстандағы отандық компаниялардың ішінде «сынақ мерзіміне (стажировка) жалақы төлейді» дегенді естімеппін. Батыста басқаша ғой. Glassdoor.com дәл осы сынақ мерзіміне келген қызметкерге қай компанияның қанша төлейтіні туралы қызықты ақпарат жариялады. Сырт келбеті мен ақпараттық нарықтағы өздерінің абыройына өте кірпияз қарайтын батыс кеңселері өздеріне мықты мамандар тартудың төте жолдарының бірі екенін мықтап ұғынған. Еш бүкпесіз жайып салған.

Деректерге сүйенсек, негізінен көп компанияларда сағатына 15 доллардан 19 доллларға дейін төлейтін көрінеді. Ал, Twitter, ExxonMobil, BlackRock секілді мықтыларда бұл сома екі есе жоғары. Тізімді бастап тұрған Palantir Technologies компаниясы айына 7,012 доллар төлеп, Facebook, Microsoft, Google, Apple секілді алпауыттарды да артта қалдырды.

 

Сонымен не керек, «стажировкадан» өтуге келген қызметкерлерге ақшаны ең көп төлейтін үздік 25 компанияның есеп-қисабы төмендегідей:

 

1. Palantir Technologies: айына 7,012 доллар

2. VMware:  айына 6,966 доллар

3. Twitter: айына 6,791 доллар

4. LinkedIn:  айына 6,230 доллар

5. Facebook: айына 6,213 долллар

6. Microsoft: айына 6,138 доллар

7. eBay: айына 6,126 доллар

8. ExxonMobil: айына 5,972 доллар

9. Google: айына 5,969 доллар

10. Apple: айына 5,723 доллар

11. Amazon.com: айына 5,631 доллар

12. Nvidia: айына 5,446 доллар

13. Chevron: айына 5,424 доллар

14. Adobe: айына 5,409 доллар

15. ConocoPhillips: айына 5,357 доллар

16. Salesforce.com: айына 5,158 доллар

17. BlackRock: айына 5,049 доллар

18. Yahoo!: айына 5,039 доллар

19. Capital One: айына 4,850 доллар

20. Qualcomm: айына 4,823 доллар

21. NetApp: айына 4,691 доллар

22. Autodesk: айына 4,684 доллар

23. Intel: айына 4,648 доллар

24. Juniper Networks: айына 4,648 доллар

25. Schlumberger: айына 4,634 доллар

Бұлардың біразының кеңселері Қазақстанда да бар. Алайда, компаниялардың өкілдіктері бұндай ақпаратты тарата алмайтынын айтты. Шет елдердегі өкілдіктерінің сынақ мерзіміне қабылданған қызметкердің табысы компанияның ішкі құпиясы саналады екен.

Ел Тұтқа, El.kz ӘЖ

siliconrus.com

Бөлісу: