Қазақстанда соңғы жылдары жас кәсіпкерлердің тың идеялары мен батыл бастамалары табысты бизнеске айналып келеді. Бір кездері шағын стартап ретінде басталған жобалар бүгінде ірі компанияға дейін кеңейіп, ел экономикасына серпін беруде.
Бұл табыстар – қазақстандық жастардың креативі мен еңбекқорлығының нақты дәлелі. Осы ретте El.kz интернет порталының тілшісі табысқа жеткен қазақстандық кәсіпкерлер туралы шолу жасап көрді.
29 жастағы Мадат Каримов – Qtap платформасының негізін қалаушы. Qtap – сайт құрастыратын, әлеуметтік желі функциялары мен онлайн төлемді біріктіретін көпфункционалды платформа. Яғни, пайдаланушыға өз профилін жасап, өнім не қызметтерді сатуға мүмкіндік береді.
Платформа 2023 жылы іске қосылып, бір ай ішінде 20 мыңнан астам белсенді қолданушы жинап, 3 миллион долларына бағаланған жобаға pre-seed кезеңінде 500 мың доллар инвестиция тартты.
qtap.one
Qtap тек қазақстандық емес, америкалық инвесторларды да қызықтырды. Мадат танымал Starta акселераторына бірнеше рет шақырту да алған. Бірақ жас кәсіпкер Алматыда қалуды шешіп, MOST Ventures қорының Investment Ready Accelerator (IRA) бағдарламасын таңдайды.
Бұл қорға қоса, кәсіпкер Марғұлан Сейсембай, сондай-ақ MOST Ventures пен UMAY Angels Club-тың теңқұрушысы, венчурлық инвестор Бахыт Ниязов Qtap-ты pre-seed кезеңінде қаржыландырады.
Платформаны әзірлеуде заманауи технологиялар қолданылған. Qtap әлеуметтік желінің, сайт құрушының және онлайн-төлем құралының функцияларын біріктіреді.
Бір жағынан, бұл – қарапайым қолданушыларға да, шағын және орта кәсіп иелеріне де, ірі брендтерге де арналған толыққанды экожүйе.
Айдос Рыскельдинов – Қазақстаннан шыққан кәсіпкер. Бұған дейін ол таксопарктің иесі болып, вендингтік кофемашиналар желісін басқарған. Бір сәтте Айдос екі табысты жобасын сатып, барлық қаржысын өзінің бүкіл әлемге арналған мобильді ойын геймдев-студиясы iDosGames құяды.
Студия әзірлейтін мобильді ойындар ортақ экожүйеге біріктірілген, өз токендері мен ауқымды NFT-маркетплейсі бар. Тек 2022 жылдың өзінде компания өзінің криптовалютасын сатудан 450 мың доллар табыс тапқан.
Айболат Құлатай – Thousand IT Group компаниясының негізін қалаушы. Мобильдік дамыту саласындағы табысты аутсорсинг компаниясынан кейін стартапқа бет бұрып, 6 ай ішінде шығарылған ойын бірден табыс әкеле бастады. Қазір App Store мен Play Market-те білімді шыңдайтын ойындардың түр-түрі бар. Aqyl Battle екі айдың ішінде қазақша викторинаны 400 мың қолданушы 14 миллион рет ойнапты.
инстаграм: aibolat.kulatay
Алғашқы 8 айда жоба белсенді түрде табыс әкеледі. Аудиторияның тез өсіп жатқанын көріп, қосымшада жарнама көрсету үшін Google-дың AdMob құралын қосады. Осылайша алғашқы үш айда Google оларға ай сайын 30 мың доллар төлегенін айтады.
Бахытжан Жакажанов – Product Bee академиясының негізін қалаушы. Бахытжан Жақажанов бір кездері оқуға және жұмыс істеуге АҚШ-қа барған. Ол жерде айына шамамен 6 мың доллар табыс тауып, әрі қарай өсуге және дамуға барлық мүмкіндігі болады. Алайда қазақстандық жас маман Америкадан елге оралып, экономист мамандығынан продакт-менеджер болып қайта даярланады. Бүгінде ол IT-мектебі Product Bee академиясын дамыту үстінде.
Оның басты мақсаты – қазақстандықтарға IT саласында жақсы мамандық алуға мүмкіндік беру және сол арқылы халықтың өмір сүру деңгейін едәуір көтеру.
Арлан Биотех командасы Стэнфордтағы StartX акселераторына қабылданып, биотехнология саласындағы AI және нанобадан технологияларын дамытуда.
Arlan Biotech командасы заманауи жасанды интеллект технологияларын қолданып, наноденелерді әзірлеу бағытында алғашқы қадам жасады. Бұл – медицина мен фармацевтика саласы үшін үлкен серпіліс.
Аталған наноденелер қатерлі ісік пен аутоиммундық ауруларды диагностикалау мен емдеуде зор мүмкіндікке ие. Венчурлық қорлардың артып келе жатқан қызығушылығы жобаның әлеуетін айқын көрсетеді.
Үлкен мақсат қойған стартап командасы алдағы үш жыл ішінде биотехнология саласындағы жасанды интеллект бойынша әлемнің үздік 5 компаниясының қатарына қосылуды көздеп отыр.
2025 жылы 24 жастағы қазақстандық Аркадий Телегин негіздеген, Y Combinator арқылы 4,5 млн доллар инвестиция жинаған, бұл дауысты тану технологиясында қызмет көрсетуді дамытатын жоба.
Компанияның өнімі – колл-орталықтар мен клиенттерге қызмет көрсету бөлімдеріне арналған, өздігінен үйренетін дауыстық жасанды интеллект агенттері.
Стартап 2023 жылы Германияда құрылған. Кофаундерлердің қатарында 24 жастағы қазақстандық Аркадий Телегин, сондай-ақ канадалық Кевин Ву мен австралиялық Шрэй Бхатия бар.
2018 жылы Әлібектің бастамасымен құрылған стартап бет-әлпетін тану мен биометрикалық жүйелерді дамытады.
Бүгінде Biometric Қазақстан ұлттық банкінің ресми биометрия провайдері болып табылады. Сонымен қатар жоба бірнеше қазақстандық банк пен микроқаржы ұйымдарына, түрлі стартаптарға, соның ішінде Naimi.kz платформасына қызмет көрсетеді. Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ҰБТ өткізу бойынша технологиялық серіктесі саналады.
инстаграм: alich_kz
Жақында компания Қырғызстан нарығына шыққан және бірнеше ірі компанияға қызмет көрсетеді. Қазақстанда да бірқатар ірі компаниялармен серіктестік орнату жоспары бар. Сонымен қатар стартап АҚШ-тың Делавэр штатында кеңсе ашып, Оңтүстік-Шығыс Азия мен MENA аймағына (Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка) шығуды жоспарлап отыр. pre-seed-раунд өткізіп, өзге шетелдік нарықтарға шығу үшін $600 мың инвестиция тартқан.
Бұл кәсіпкерлердің әрқайсысы – әртүрлі саладан шыққан, бірақ ортақ мақсаттары – инновация, нарыққа ену, және өз жобаларын шетелге шығару. Олардың табыс тарихтары студенттер мен кәсіпкер болуды армандайтындар үшін ерекше шабыт көзі.