Бүгіннен бастап Қазақстан тұрғындары үйде немесе сапарда отырып ресми түрде Starlink жоғары жылдамдықты спутниктік интернетіне қосыла алады. Бұған дейін бұл технология тек шалғайдағы ауыл мектептерінде пилоттық жоба аясында қолданылған еді.
Starlink деген не?
Starlink америкалық Илон Маск иелік ететін SpaceX компаниясы әзірлеген жаһандық спутниктік интернет жүйесі. Ол орбитадағы жерсеріктер арқылы алыс аймақтарға дейін жоғары жылдамдықты интернет жеткізеді.
Дәстүрлі спутниктік интернеттен айырмашылығы да сол. Ол төменгі орбитада орналасуына байланысты сигналдың кідіру уақыты аз болады. Бұл видеобайланысты, стримингті және онлайн жұмыс істеуді тіпті ауылдық жерде де тұрақты етуге мүмкіндік береді.
Starlink-ке қалай қосылуға болады?
Starlink-тің ресми сайты Қазақстан үшін белгіленген тарифтер бағасын жариялады. Жүйеге тарелка-терминал (Dish), Wi-Fi роутер құрылғылары арқылы немесе Starlink мобильді қосымшасы арқылы қосылуға болады.
Алдымен Starlink Mini жинағын сатып алу керек. Бағасы — 104 000 теңге. Оны ресми сайттан немесе авторизацияланған дилерден алуға болады.
Тағы бір нұсқа — Starlink Standard. Оның антеннасы қуаттырақ және ауа райының қолайсыздығына төзімді. Шалғайдағы үйлер мен ауа райы жиі өзгеретін аймақтарға ұсынылады. Бағасы — 201 000 теңге.
Тарифтер:
Қосу қадамдары:
Қазіргі интернеттен жылдам ба?
Жылдамдық тарифке, ауа райына және желі жүктемесіне байланысты. Әлемнің әр еліндегі пайдаланушылар 50-ден 250 Мбит/с-ке дейінгі көрсеткіш тіркеген. Қазақстан бойынша ресми деректер әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, биыл 12 маусымда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету барысында Қазақстан заңнамасын толық сақтау жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талаптарды орындауды қамтиды.