СҚО полицейлері психологпен кездесу ұйымдастырды

8 Желтоқсан 2022, 20:31 1527

СҚО полицейлері “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы шеңберінде психологтың отбасылық жанжалқорлармен кездесуін ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы шеңберінде петропавлдық полицейлер бұрын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында бұзушылықтар жасаған тұлғалардың психологпен кездесуін ұйымдастырды. Дәріс Жұмысшы кентіндегі № 5 учаскелік полиция пунктінде өтті.

Тұрмыстық жанжалдардың пайда болуына талдау жасау, балалармен қарым-қатынасты жақсарту, үйдегі мінез-құлықты ретке келтіру, суицидтің алдын алу – бір сағаттық дәріс барысында отбасы-тұрмыстық қатынастардың маңызды деген тақырыптары қамтылды. “Демеу” коммерциялық емес ұйымының клиникалық психологы, YouTube желісіндегі танымал арнаның авторы Резеда Баймухаметова дәріске қатысқан әр адаммен жұмыс істеді. Отбасылардағы моральдық және психологиялық қысымды ескертудің, тыныштықты сақтаудың жолдарын тиянақтап айтып берді. Кездесуге жиналғандар маманның айтқанын назар қойып тыңдады. Резеда Баймухаметованың айтуынша, полицейлердің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара алдағы уақытта тұрмыстық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың санын азайтуға көмектеседі.

– Бүгін біз Солтүстік Қазақстан облысының “Аналар кеңесі” мен Полиция департаменті арасындағы меморандум шеңберінде құқық бұзушылықтар жасауға бейім тұлғалармен кездесу өткіздік. Дәріс жақсы өтті. Адамдар ақпаратты ерекше қабыл алды. Бұл кездесуге қатысқан адамдар өмірлеріне өзгеріс енгізіп, дұрыс шешім қабылдайды деген сенімдеміз, – дейді Резеда Баймухаметова.

Облыс орталығында қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы шеңберінде мыңнан астам түрлі бұзушылықтар анықталды.

EL.KZ
Бөлісу: