СҚО полицейлері өзге облыс тұрғындарынан 10 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі

28 Мамыр, 14:04 563

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері өзге облыс тұрғындарынан синтетикалық есірткі тәркіледі. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда есірткі бизнесімен айналысатындар буып-түюшілер мен жасырушыларды жұмысқа аларда «қауіпсіздікті» уәде етіп, полицияның қолына түспеудің жолдарына үйретеді. Бірақ есірткі таратуды бастап, жеңіл ақша табуға кіріскендерді анықтау және ұстау полиция үшін үлкен қиындық тудырмайды. Әдетте, олардың оңай жолмен ақша табуы 3 айдан аспайды.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде дәл осындай мерзімде ғана жұмыс істеп үлгерген. Полицейлердің ақпараты бойынша, жігіттер Петропавл қаласына аса ірі көлемдегі есірткі партиясын буып-түю үшін келіп отырған. Осылайша кезекті рет келгенде жедел уәкілдер оларды Рижская көшесінде қолға түсірді. Жеке-жеке тексеру және жалға алған пәтерлерін тінту кезінде 664 грамнан астам мефедрон мен түйіншектерге, пакеттерге, тіпті ыдысқа салынған 358 грамнан астам α-PvP есірткісі тәркіленіп алынды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 10 келіден асты.

Кәмелетке толмаған күдікті үйқамаққа алынды, ал үлкені күзетпен қамауға алынды. Екеуі де 15 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін, – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: