СҚО-ның бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты

19 Қараша, 09:23 308

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жер теліміндегі үлестерін алдау жолымен сату арқылы алаяқтыққа барды деген бұрынғы СҚО әкіміне қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот үкімі Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотында шығарылды. Сотта әкімнің заң бұзушылығы анықталып, жер комиссиясының шешімінің күші жойылды. Іс материалдарына сәйкес, Ескендіровтың сыбайластарымен бірге ЖШС-ға қатысушылардың рұқсатынсыз жалған хаттамалар жасағаны белгілі болды. Бұл құжаттар Бурабай ауданы тұрғындарына тиесілі жер телімдерін кепілге беруге пайдаланылған. Салдарынан жер телімдері тартып алынып, сыбайлас кәсіпорынның иелегіне өткен.  

Соттың қаулысымен И-дің талабы қанағаттандырылып, жер телімін беруден бас тарту бөлігіндегі жер комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды, оның күші жойылды және И-ға жер телімін беру міндеті жүктелді.

Сонымен қатар, И-дің өтініші бойынша шешім қабылдау кезінде анықталған бұзушылықтарға байланысты, кінәлі тұлғаларға шара қолдану және алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, облыс әкімінің атына жекеше ұйғарым шығарылды.

Сот Е-ге бес жылға бас бостандығынан айыру түрінде шартты жаза тағайындады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: