16.12.2024
21:45
674
СҚО мен Қостанайда ауа райына байланысты жол жабылды

СҚО мен Қостанайда ауа райына байланысты жол жабылды

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

16 желтоқсанда сағат 19:30-да Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" автожолының 729-768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

16 желтоқсанда сағат 19:30-да Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" автожолының 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.