СҚО-дағы әкімдік бизнес үшін жасанды әкімшілік кедергілер құрған

1 Ақпан 2023, 12:40 1092

СҚО Қызылжар ауданында 2022 жылдың қараша айынан бастап жылыжайды электр қуатына қоспаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 24 қаңтарда кәсіпкер жергілікті атқарушы органның іс-әрекетіне шағым түсірген.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында ЖК басшысы коммерциялық объект үшін электрмен жабдықтау желісіне қосылу кезінде әкімшілік кедергіге тап болғаны анықталды. Антикордың аумақтық бөлімшесі аудандық сәулет бөлімімен кездесу өткізді. Желіге қосылудан бас тартуға заңды негіз жоқ екені белгілі болды», делінген хабарламада.

Қазір электр энергиясына қосылуға рұқсат берілген.

EL.KZ
Бөлісу: