СҚО-да жүк пойызына жасырынған шетел азаматы ұсталды

26 Мамыр 2023, 11:31 1735

Солтүстік Қазақстан облысында шетел азаматы Ресейге жүк пойызының ішінде отырып өтпек болған. Оны ҰҚК Шекара қызметі ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

2023 жылғы 17 мамырда ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Булаев» (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды Ресей Федерациясына заңсыз өтпек болған шетел азаматын ұстады, - делінген мәліметте.

Мемлекеттік шекараны бұзушы шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында жүк пойызының вагонының үстінгі бөлігінде жасырынған.

Ұсталған адам ҚР ӘҚБ Кодексінің 514-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: