СҚО-да жер үйдегі өрт кезінде екі баланың мәйіті табылды

3 Сәуір, 00:29 659

Солтүстік Қазақстан облысында жеке секторда орналасқан үй өртеніп, екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі «101» қызметіне 1 сәуір күні сағат 10.11 минут кеткенде Есіл ауданындағы Ильинка елді мекенінде тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түскенін атады. 

Өрт сөндірушілер жеткенге дейін тұрғындар оқиға орнынан сегіз және екі жасар баланың денесін тапқан. 

Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз, - деп жазылған СҚО төтенше жағдайлар депаратменті таратқан ақпаратта. 

Зарина Арман
Бөлісу: