Оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Булаево қаласында болған. Мичурин көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қызыл жалын аумағы - 54 шаршы метр.
Оқиға орнына төтеншеліктер дереу жеткен. Өртті сөндіру барысында үйден 1 газ баллоны шығарылып, жарылыс қаупінің алдын алуға мүмкіндік туды.
Зардап шеккендер жоқ.