Cолтүстік Қазақстан облысында тасқын жағдайы күрделі болып барады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде хабарлады.
Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады. Бүгін таңертең Сергеев су қоймасында асып төгілу 415 см құрады. 2017 жылғы тасқынның көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсті. Сондықтан, елді-мекендер мен облыс орталығын судан қорғау үшін күні-түні іс-қимылдар жасалуда. Ең бастысы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және мүлікті сақтауға, үлкен судың келе жатқаны туралы дер кезінде ақпарат беруге көп көңіл бөлу керек, – деп жазды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Бұған дейін, су тасқыны кесірінен БҚО-да 9 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып отыр.