СҚО-да су тасқынында зақым келген гидротехникалық құрылыстар қалпына келтірілуде

22 Қыркүйек, 10:24 550

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезінде зақымданған гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл туралы аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов желі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жұмыстар бойынша жол картасы қабылданған. Қаржы бөлініп, мердігерлер анықталған. Жұмыс Былғары және Заречный кентіндегі, Ойқаладағы Ущев көшесінің бойындағы және  0,8 шақырымдағы, Қызылжар ауданындағы Прибрежное, Бескөл және Тепличное ауылдарындағы бөгеттерді қамтиды. Сондай-ақ биотоғанның айналасындағы бөгет жөнделіп, Жеңіс саябағында ашық нөсерлік кәріз жүйесі орнатылып, жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілмек.

Бөгеттерді нығайту және кеңейту жұмыстары мамандардың есептеулері бойынша, Есіл өзеніндегі судың максималды деңгейін ескере отырып, қатаң түрде жүргізілуде. Биылғы қатты су тасқынының барлық ерекшеліктері ескерілген. Бүкіл жұмыстарды екі айда аяқтау жоспарлануда, қорғаныс құрылымдарын қалпына келтіру  жеке бақылауымда болады,-деп жазды облыс әкімі.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: