02.08.2023
10:41
1398
СҚО-да шошқа өсіретін кешенде төрт адам көз жұмды

СҚО-да шошқа өсіретін кешенде төрт адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа өсіру кешенінде төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жергілікті биліктің мәліметінше, ТЖ Тайынша ауданында болған.

Ауысым соңында төрт жұмысшы жұмыс орнынан (бордақылау алаңынан) шықпаған.

Тереңдігі 8 метр болатын кәрізді тазарту кезінде төртеуі де қайтыс болғаны анықталды.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды.

Төтенше жағдайдың себептері анықталуда.