СҚО-да саңырауқұлақ теруге шыққан әжей орманда адасып кеткен

СҚО-да саңырауқұлақ теруге шыққан әжей орманда адасып кеткен

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында 73 жастағы әжей орманда адасып кеткен. Зейнеткер таңертең күйеуімен бірге саңырауқұлақ теруге шығып, серуендеп жүріп қайтар бағытын таппай қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Төтеншеліктер дереу адасқан зейнеткерді  іздестіру-құтқару жұмыстарына кіріскен. Іздестіру жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское ауылының маңында жүргізілді.

Орман алқабын тексеру үшін құтқарушылар барлық қажетті құралдарды, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараты мен кинологиялық жасақты жұмылдырылыпты. Нәтижесінде зейнеткер  Шаховское ауылынан 6 шақырым жерден табылды.  Оған медициналық көмек қажет болмаған.