Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Солтүстік Қазақстан облысында толық байланыс пен техникасы бар жаңа ерікті өртке қарсы құрылым ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңірге қарасты Шал ақын ауданының Мерген ауылында ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында заманауи байланыспен жабдықталған өңірдегі алғашқы ерікті өртке қарсы құралым ашылды.
Құралым «Гермес Агро» ЖШС базасында орналасқан. Еріктілердің иелігінде — АЦ-8-40 өрт автоцистернасы, мотопомпа, ауа үрлегіштер, рюкзак бүріккіштер, қорғаныш экипировкасы бар. Қажетті жағдай жасалған: жылытылатын гараж, тұрмыстық үй-жайлар, автономды сумен жабдықтау.
Ауыл құтқарушылары бағдарламасы - бұл шалғайдағы елді мекендердің өртке қарсы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған нақты қадам. Біз тіпті ең шалғай ауылдарға да жылдам және кәсіби көмек көрсетуге жағдай жасаймыз, - деп вице-министр Батырбек Әбдішев атап өтті.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары