СҚО-да тұрғын үйде өрт шығып, ер адам ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктердің мәліметінше, оқиға 27 сәуірде Петропавл қаласындағы жеке тұрғын үйде болған. Өрт алаңы - 16 шаршы метр.
ТЖД күшімен ер адам үйден ес-түссіз күйде эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілді. Үйден 3 газ баллоны шығарылды.
Қызыл жалын сағат 23.43-те сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.