СҚО-да мәйіттік донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды

СҚО-да мәйіттік донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды

Солтүстік Қазақстан облысының көпбейінді облыстық ауруханасында 1985 жылы туған донордан қайтыс болғаннан кейін  көпағзалық ағзалар алу жүргізілді. Отбасының келісімінің арқасында жүрек, бауыр және екі бүйрек алынып, бала мен ересектердің өмірі сақтап қалынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Донорлық процесті ҰҒОО және UMC транспланттау бригадаларының, өңірлік үйлестірушілердің және барлық қажетті қызметтердің қатысуымен Трансплантаттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер республикалық орталығы ұйымдастырды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар полиция қызметкерлері маңызды рөл атқарғанын, олар жедел әрекет етіп, облысқа кеткен дәрігерлер мен мамандарды алып жүруді қамтамасыз еткенін атап өтті.

Бұл жағдай донор отбасының шешімімен бірге үйлестірушілердің, медицина қызметкерлерінің және мемлекеттік қызметтердің үйлесімді жұмысы ғана Қазақстанда жүздеген пациенттердің өмір сүруіне мүмкіндік беретінін айқын көрсетті. Бүгінгі таңда донорлық ағзалардың «Күту парағында» 4300-ден астам адам, олардың ішінде 120-дан астам бала бар,-делінген мәліметте.