СҚО-да мас ер адам туған қызын зорлаған

29 Қыркүйек 2023, 15:48 5246

Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданында әкесі мас күйінде туған қызын зорлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Skifnews.kz-тің хабарлауынша, оқиға туралы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов мәлім етті.

М. Жұмабаев ауданында бір дерек орын алды. Өзбекстан азаматы мас күйінде кәмелетке толмаған қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

Облыста барлығы 43 педофил тіркелсе, оның 34-і түрмеде отыр. Қалғандары қатаң бақылауда. Олар бостандыққа шыққаннан кейін бірден бақылауға алынып, апта сайын мекенжайлары тексеріліп, жүріс-тұрысы, жұмысқа орналасуы қадағаланады, - деді ол.

Равиль Ашығали
Бөлісу: