СҚО-да гуманитарлық көмек қабылдау үшін резервтік қойма ашылды

16 Сәуір, 12:15 564

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «Ассамблея жастары» РҚБ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басшысы Дариға Смайылова оның жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

14 сәуірде гуманитарлық көмек қабылдау үшін жаңа резервтік қойма ашылды. Біз тәулік бойы жұмыс істейміз. Кешеден бері Көкшетау, Астана қалаларынан келген жүкті қабылдап жатырмыз. Кеше Шал ақын ауданынан азық-түлік, киім-кешек және гигиена құралдары тиелген Камаз келді. Өнімдердің бір бөлігін өңірдің су басқан аудандарына жеткіздік. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен адамдар өздері келіп, заттар мен азық-түліктерді алып кетеді, - деді ерікті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: