СҚО-да гараждан жаңа туған нәресте табылды

21 Қыркүйек, 19:02 571

Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданында гараждан жаңа туған нәресте табылды. Сәби қорап ішіне салынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай, 25 жастағы келіншек гаражда босанып, баласын гаражға тастап кеткен. Ол босанған соң қан кетіп, ауруханаға жүгінген. Тексеруден соң дәрігерлер оның бала босанғанын анықтап, дереу полицияға хабар берген. 

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ал келіншек аудандық ауруханаға жатқызылған. Жаңа туған нәресте перинаталдық орталыққа жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. 

 

 

 

 

Перизат Саденова
Бөлісу: